Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда арнайы жасақ түнгі клубқа рейд жүргізіп, есірткі сатқан күдіктіні ұстады (видео)

Жарияланған күні:

Ұстау операциясы. Видеодан кадр
Ұстау операциясы. Видеодан кадр: instagram.com/policeofkaraganda

Қарағанды ​​полицейлері қаладағы түнгі клубтардың бірінде арнайы іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаментінің ақпаратынша, полиция осы мекемеде ұзақ уақыт бойы есірткі сатумен айналысқан 30 жастағы түнгі клуб қызметкерін ұстады.

"Күдіктіні ұстау барысында одан "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ есірткі сатушының жалдап тұрған пәтерінен есірткі тұтынуға пайдаланатын түрлі заттар, зип-лок пакеттері, есірткі шегетін аппарат, электронды таразы және ұялы телефон тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар түнгі клубқа санкцияланған тексеріс барысында 40 дана травматикалық оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159412-qaragandyda-arnaiy-zhasaq-tungi-klubqa-reid-zhurgizip-esirtki-satqan-kudiktini-ustady-video/