Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған: Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды

Жарияланған күні:

Болат Мажағұлов
Болат Мажағұлов. Фото: primeminister.kz

Астанада аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҚМА ақпаратынша, Астана қаласының "Мәдениет басқармасы" ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізілуде.

"2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған "Күн" ("Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы") субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған.

Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған. Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр", - делінген хабарда.

ҚМА мәліметінше, ұрланған қаражаттың көлемі 1 млрд теңгеден асып отыр.

Күдіктіті ретінде қалалық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынған. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер бар.

Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылған.

ҚПК 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Primeminister.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Астана мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы қызметін Болат Мажағұлов атқарды. Кейін ведомство атауы мәдениет және спорт басқармасы болып өзгерді.

Ал 2018-2019 жылдары мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 

Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласында мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып тастаған. 

Әр жылдары Бейбітшілік және келісім сарайының директоры Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы сынды қызметтерді атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159416-astana-madeniet-basqarmasynyng-buryngy-basshysy-asa-iri-kolemde-biudzhet-qarzhysyn-zhymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/