Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

Жарияланған күні:

Сәт Тоқпақбаев. Видеодан кадр
Сәт Тоқпақбаев. Видеодан кадр: qazaqstan.tv

Мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін мемлекет қайраткері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды", - делінген жарлықта.

"Заңгер" порталындағы ақпаратқа сәйкес, Сәт Тоқпақбаев 1939 жылы 17 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Минскідегі КСРО МҚК № 302 жоғары мектебі және КСРО Сыртқы істер министрлігінің жоғары дипломатиялық мектебін бітірген. Генерал-полковник атағы бар.

1993-1995 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.

1995-1999 жылдары – Ұлттық ұланның қолбасшысы.

1999-2001 жылдары Қорғаныс министрі болды.

Кейін президент кеңесшісі, Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтау мәселелері жөніндегі комиссияның басшысы қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар Тоқпақбаев 4-шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159433-sat-toqpaqbaevqa-halyq-qaharmany-atagy-berildi/