Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүт көлемін жалған көрсеткен: Шымкент фермерлерінің бірі бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Сүт
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенте субсидия алу үшін электронды базаға жалған дерек енгізген шаруаларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, қала прокуратурасы өндірілген сүт көлемін негізсіз көбейту арқылы мемлекет қаржысын қалтаға басқандардың біріне 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады. Қалған төрт шаруашылықтың иелері тергеу кезінде кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген. Сондықтан сотта қылмыстық іс ақтауға жатпайтын негіздермен тоқтатылған.

Айта кетейік, фермерлер сауылған сиыр сүтінің әр литрі үшін мемлекеттен 20 теңге қолдау қаржысын алып, бюджетке жалпы 24 миллион теңге шығын келтірген. Осыған қатысты әкімдікке нұсқау беріліп, заңсыздыққа жол берген алты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Қала әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. Қарау нәтижесімен жауапты басқарма басшысының орынбасары, 2 бөлім басшысы және жауапты мамандар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Алдағы уақытта да барлық мемлекеттен бөлінген субсидия қаражаты прокуратураның әрдайым қадағалауында болады", - деді қала прокуратурасының аға прокуроры Қали Бейсенбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159533-sut-kolemin-zhalgan-korsetken-shymkent-fermerlerining-biri-bas-bostandygynan-aiyryldy/