Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2 мыңға жуық талапкер білім грантынан бас тартқан

Жарияланған күні:

Студент
Студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкіметтегі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазақстандық студенттер 2 мыңға жуық гранттан бас тартқанын, сондықтан оларды қайта бөлуге тура келгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бүгін біз грантты ұтып алып, бірақ белгілі бір себептермен одан бас тартқан жандардың гранттарын қайта бөлдік. Осындай 1989 грант бөлінді. 10 607 талапкердің 7 799-і грантқа түсті", - деді министр Саясат Нұрбек.

Министр ғылым және жоғары білім министрлігінде әлі де грант қоры бар екенін айтты.

"Қыркүйектің соңына дейін күтеміз, олар гранттан бас тартуы немесе ақылы бөлімге ауысуы мүмкін, бұл гранттар да Ұлттық тестілеу орталығының платформасы арқылы автоматты түрде қайта бөлінеді", - деп қосты Саясат Нұрбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159601-qazaqstanda-2-myngga-zhuyq-talapker-bilim-grantynan-bas-tartqan/