Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенова уақыт белдеуіне қатысты Amanat ұсынысына пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында вице-премьер-министр Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысына пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Кейінгі 10 жыл бойы біз басқа уақыт белдеуіне көшу мәселесін талқыладық, мамандар мен сарапшылар тобы жұмыс істеді. Ал былтыр бұл мәселені талқылап, осындай біртұтас уақыт белдеуіне көшеміз деп шешім қабылдадық.

Енді депутаттық корпус мәселе көтерді (бұрынғы уақытты қайтару туралы – ред. ескертпесі) – оны талқылап жатыр, өз ұсыныстарын береді, қарастыратын шығармыз. Бірақ, жалпы алғанда, уақыт белдеуін ауыстырғанымызға бір жыл да өтпеді, бұл ауысудың бүгінде салдары қандай болатынын ойластыру керек шығар", - деді Дүйсенова.

Ол денсаулық сақтауда немесе электр энергиясын пайдалануда күрт өзгерістер болмағанын қоса кетті.

"Сондықтан олардың ұсыныстарын қарастырайық, олар бұл ұсыныстарды қалай негіздейді, содан кейін біз осы мәселелермен айналысатын тиісті мемлекеттік органдар арқылы (жауап – ред. ескертпесі) береміз", - деді Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159625-usynystaryn-qarastyramyz-duisenova-uaqyt-beldeuine-qatysty-amanat-usynysyna-pikir-bildirdi/