Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Алматыда ҚАЖД қызметкерлерін ұстады

Жарияланған күні:

кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

ҰҚК Алматы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ҰҚК Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҰҚК ақпаратынша, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіліп жатыр.

"Лауазымды адамдар Қылмыстық кодекстің 361 (Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану), 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 366 (Пара алу) баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен үш қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159629-almatyda-qazhd-qyzmetkerleri-ustaldy/