Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заңсыз ештеңе жасаған жоқпыз": министр су тасқынынан зардап шеккендерге берілген грант туралы айтты

Жарияланған күні:

Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысы аясында журналистерге жауап беру кезінде су тасқынынан зардап шеккендерге берілген грант квота емес екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Нұрбек журналистердің "су тасқынынан зардап шеккендерге берілген квота грант заңсыз ба?" деген сұраққа жауап берді. Министрдің айтуынша, төтенше жағдай квотасы жоқ, бұл бір реттік шешім ғана.

"Біріншіден, мұндай квота болған жоқ. Білім беру заңына сәйкес, азаматтардың бірнеше квоталары мен санаттары бар. Біз заңсыз ештеңе жасаған жоқпыз. Су тасқынынан зардап шеккен алты аймақтың талапкерлері бірнеше артықшылықтарға ие болды. Бұл бір реттік шешім болды", - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҰБТ-дан жоғары балл ала тұра, мемлекеттік гранттан қалыс қалғандар ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің өзін сотқа берді.

Олардың айтуынша, министр грант үлестіру кезінде қателескен. Тасқыннан зардап шеккендерге ортақ гранттың ішінен бес мыңын бөліп беру, басқалардың мүмкіндігін шектеумен тең болды деп санайды сотқа жүгінгендер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159637-zangsyz-eshtenge-zhasagan-zhoqpyz-ministr-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-berilgen-grant-turaly-aitty/