Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыстан қараңғыда шығамыз": Светлана Жақыпова жұмыс уақытын өзгертуге қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Светлана Жақыпова
Светлана Жақыпова. Фото: primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысы аясында өткен брифингте жұмыс уақытын қысқартуға байланысты ұсыныстарға пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер Светлана Жақыповадан қазақстандықтар жаңа уақыт белдеуіне байланысты жұмыстан қараңғыда шығатынын айтып, осы жайтқа пікір білдіруін сұрады. Ол қолданыстағы еңбек заңнамасы жұмыс беруші мен қызметкер арасында икемді жұмыс кестесін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Бұл жағдайда жұмыс уақытын қысқарту туралы мәселе туындамайды. Яғни, егер 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, яғни 5 күн 8 сағаттан жұмыс істеуі керек. Бірақ жұмыстың басталу және аяқталу уақытын ауыстыру, жұмысқа бару және жұмыстан қайту уақытын жұмыс берушімен келісуге мүмкіндік бар", - деді министр.

Оның айтуынша, ведомствода қазірдің өзінде икемді жұмыс кестесі бар.

"Егер әртүрлі жастағы кішкентай балалар болса, бір баланы балабақшаға апарып, алып кету керек болса, ал екіншісін мектепке апару керек болса, онда мұндай жағдайларда жұмыс күнін жұмыс берушімен келісіп икемдеуге болады. Яғни, бұл мәселелер қарастырылады. Кез келген жұмыс беруші ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін осы шараларды қабылдай алады", - деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, бұған дейін вице-премьер Тамара Дүйсенова Amanat партиясы депутаттарының Қазақстандағы бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы жақында берген мәлімдемесіне пікір білдірген еді.

Еске сала кетейік, Үкіметтің "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізілді. Қазақстандықтар уақыт белдеуін қайтару туралы петицияға қол қойды. Үкімет петицияны қарап, уақыт белдеуін қайтарылмайтын болып шешім қабылданды. Amanat фракциясының депутаттары қазақстандықтардан түскен көптеген өтінішке байланысты елдегі уақыт белдеуін қайтару туралы үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159691-zhumystan-qaranggyda-shygamyz-svetlana-zhaqypova-zhumys-uaqytyn-ozgertuge-qatysty-pikir-bildirdi/