Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларымның қызығын көремін деп отыр ем": қатерлі ісікке шалдыққан жамбылдық келіншек елден көмек сұрайды

Жарияланған күні:

Қарлығаш Айылшиева балаларымен
Қарлығаш Айылшиева балаларымен. Фото: Жеке мұрағат/ NUR.KZ

Жамбыл облысының тұрғыны, төрт балалы ана Қарлығаш Айылшиева көпшіліктен көмек сұрайды. Күтпеген жерден қатерлі ісікке шалдыққан ол бүгінде Үндістанда ем қабылдауға мәжбүр. Алайда келіншектің шетел асып емделуге қаражаты жеткіліксіз, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қарлығаш Айылшиева 1975 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. Төрт баланың анасы бүгінде отбасымен Меркі ауданында тұрады. Балаларының үлкені биыл жоғары оқу орнына түссе, енді бірі "Назарбаев зияткерлік мектебіне" ауысқан. Ал кенжесі әлі бастауыш сыныпта білім алады.

49 жастағы келіншектің айтуынша, соңғы уақытта оның іш тұсы қатты ісіне бастаған. Айналасындағылар оған тіпті "жүктісің бе?" деген сұрақты жиілеткен. Содан келіншек амалсыз ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған.

Қарлығаш Айылшиева
Қарлығаш Айылшиева. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

"Бұл ауру маған ешқандай белгі берген жоқ. Жанымдағы кісілер "ішің үлкен болып кетіпті, жүктісің бе?" деген сөздер айта бастады. Содан өз-өзімнен секем алып, осы ауруханаға тексерілуге келдім. Нәтижесінде ішімнен ісік табылды", - дейді Қарлығаш Айылшиева.

Дәрігерлер жамбылдық келіншекке "Ішастар артқы кеңістігінің алып липосаркомасы St III T2bN0M0" диагнозын қойған. Ал толыққанды тексерістен өтіп, нәтижелі ем қабылдау үшін Қарлығаш Айылшиева Үндістанға баруға мәжбүр екенін айтады.

Қарлығаш Айылшиева балаларымен
Қарлығаш Айылшиева балаларымен. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

"Төрт баламды өзім аттай шауып асырап жүрген кезім еді. Солардың қызығын көремін деп отыр ем. Екі балам да оқуға түсіп, енді солардың алда қойған мақсаттарына қол ұшымды беремін деп жүрген кезде осындай ауруға душар болдым. Қолымнан ештеңе келмей қалды. Ауырсаң, денсаулығың кетсе, бәрінің мәні кетеді екен.

Жұмысқа да жарамай қалдым. Балаларымның қызығын көру үшін әрекет жасап жатырмын. Осыған дейін ешкімнен алақан жайып, ештеңе сұрамаған адам едім. Өз маңдай теріммен, еңбегіммен тапқан пұлдарымды жұмсайтынмын. Осындай жағдайға тап болдым",- дейді ол.

Қарлығаш Айылшиеваның айтуынша, оның отбасы 15 млн теңгені 10 күнде жинауы қажет. Бұл сома Үндістаннан қайта тексеруден өтіп, сәулелі және химиялы терапия қабылдауға жұмсалмақ.

Реквизиттер:

Kaspi: 8701 586 54 07 (Қарлығаш А.)

Kaspi шот нөмірі: 4400430270018077

Halyk Bank: 4405639755072293 (Қарлығаш А).

Қарлығаш Айылшиеваға көмек керек
Қарлығаш Айылшиеваға көмек керек. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159703-balalarymnyng-qyzygyn-koremin-dep-otyr-em-qaterli-isikke-shaldyqqan-zhambyldyq-kelinshek-elden-komek-suraidy/