Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектепті үздік бітірген түлектерге берілетін "Алтын белгі" алып тасталуы мүмкін бе: министр жауап берді

Жарияланған күні:

алтын белгі
Алтын белгі. Көрнекі фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үздік оқушыларға берілетін "Алтын белгіден" бас тарту жөніндегі ұсынысқа пікір білдірді. Ол әзірге мұндай мәселе қарастырылмайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер министрден жоғары оқу орнына түсерде ешқандай басымдық берілмесе, "Алтын белгінің" қаншалықты қажеті бар екенін сұрады.

"Соның арқасында балалар өз білімін дәлелдей алады. Өздеріңіз білетіндей, бірнеше жыл бұрын "Алтын белгіні" бойынша жеңілдік алып тасталды. Мұнда көптеген сыбайлас жемқорлық схемалары болды – "Алтын белгі" төсбелгісін алуды жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түсу тетіктерінің біріне айналдырды", - деді Бейсембаев.

Министр бұл белгі грантқа түсуге кепілдік бермейтінін тағы да баса айтты.

"Әрине ата-аналар баласы "Алтын белгіге" бітірсе, грантқа түсе алады деп ойлайды. Осы тұста ата-аналар көп қателеседі. Қазір біз бұл мәселені қарастырып жатырмыз, бірақ "Алтын белгіден" бас тарту мәселесі күн тәртібінде жоқ.

Өйткені бұл белгіні алған балалардың барлығы оған лайық екенін дәлелдеп, жақсы нәтиже көрсетіп, жоғары оқу орнына түскенін көріп отырмыз. Оны алып тастау немесе алып тастамау жағын шешу үшін алдымен мұқият қарауымыз керек",- деді ведомство басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159736-mektepti-uzdik-bitirgen-tulekterge-beriletin-altyn-belgi-alyp-tastaluy-mumkin-be-ministr-zhauap-berdi/