Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда су тасқынынан кейін улы өрмекші қаптап жатыр

Жарияланған күні:

Улы өрмекші
Улы өрмекші. Фото: instagram.com/ zhaloby_uralska

Оралдағы саяжай учаскелерінде су тасқынынан кейін улы өрмекшілер қаптаған. Бұл туралы өңір тұрғындары әлеуметтік желіде жазып жатыр, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Instagram желісіндегі zhaloby_uralska парақшасында су тасқынынан кейін саяжай учаскелерінде улы өрмекшілер пайда болғаны туралы жазба жарияланды.

"Су тасқынынан кейін кардиологиялық орталық ауданындағы саяжайда улы өрмекшілер қаптаған. Үйде тұру мүмкін емес. Күн сайын үш өрмекшіден тауып аламыз. Үй құнын бағалаған әкімдік қызметкерлері мен техникалық комиссиядан осында келіп, тұрып көруді сұраймын", - деді жазба авторы.

Алматы зоосаябағы "Экзотариум" бөлімі басшысы, герпетолог Александр Гурнев суреттегі улы өрмекшілер екенін растаған.

"Иә, бұл улы өрмекші, бірақ нақты қандай түрі екенін айта алмаймын. Олардан тек тіршілік ету ортасын жою арқылы құтылуға болады. Әдетте улы өрмекшілер шұңқырларда өмір сүреді, сондықтан мезгіл-мезгіл, кем дегенде айына екі рет жерді қазып немесе тырмалау керек. Аумақтан қоқыстарды алып тастау, биік шөптерді кесу керек. Егер ғимараттардың қабырғаларында ойықтар болса, оларды цемент қоспасымен жапқан дұрыс, бұл аумақтағы жолдардағы жарықтарға да қатысты", - деп түсіндірді Александр Гурнев.

Ол улы өрмекшілерді түнгі уақытта улаған дұрыс екенін айтты.

"Удың аз ғана бөлігі көмектесе алады. Негізінде өрмекшінің ағзасына тыныс алу жүйесі арқылы түскені ғана көмектеседі. Мұны түнде, өрмекшілер белсенді болған кезде істеу керек. Өйткені күндіз бұл шаралардың пайдасы болмайды", - дейді герпетолог.

Александр Гурневтің сөзінше, улы өрмекшінің шағуы адам өмірі мен денсаулығына аса үлкен қауіп төндірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159763-oralda-su-tasqynynan-keiin-uly-ormekshi-qaptap-zhatyr/