Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүзік, алқа, сағат: қазақстандықтар олигархтардан тәркіленген бұйымдарды қайдан сатып ала алады

Жарияланған күні:

Үстел үстінде жатқан зергерлік бұйымдар
Зергерлік бұйымдар. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания басшысы мемлекетке 200-дей зергерлік бұйым қайтарылғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бізде 196 зергерлік бұйым бар. Тізім бойынша айтсақ, онда зергерлік бұйымның әр алуан түрі кіреді. Мәселен, жүзік, алқа және қымбат сағаттар", - деді қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания директоры Қуанышбек Мұқаш.

Ол жақын арада зергерлік бұйымдар E-QAZYNA порталы арқылы аукционға қойылатынын айтты. Онда әр лот бойынша толық ақпарат көрсетіледі.

Сондай-ақ бүгін Бас прокуратураның қайтарылған актив жөніндегі комитет төрағасы Қазақстанда байлыққа қатысты үш іс тергеліп жатқанын айтты.

Айта кетейік, өткен жылдың шілдесінде Қазақстанда Richard Mille маркалы тәркіленген швейцариялық сағат аукционға қойылған еді. Оның негізгі сомасы 394 млн теңге болғанымен, аукционда ол 197 млн теңгеге сатылды.

Ал қарашада KTZ Express АҚ Астанадағы 482 млн теңге тұратын үш бөлмелі пәтерді сатылымға шығарды.

Сәуірде Қазақстанда пайдалы қазбалардың 83 резервтік кен орны аукционға шығарылатыны туралы белгілі болған еді. Ал шілдеде жалпы сомасы 200 млн теңгені құрайтын тәркіленген Maybaсh пен Bentley аукционға қойылды, дегенмен олар сатылған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159799-zhuzik-alqa-sagat-qazaqstandyqtar-oligarhtardan-tarkilengen-buiymdardy-qaidan-satyp-ala-alady/