Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада тур ұйымдастырушысына 1 млн 600 мың теңге аударған отбасы сан соғып қалды

Жарияланған күні:

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада тур ұйымдастырушы бір отбасын алдап кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, жәбірленуші турларды ұйымдастырушыны Instagram арқылы тауып алып, сайттағы оң пікірлерге сеніп, қызметіне жүгінбекші болған. Ұсыныстардың дұрыстығын растау үшін ол пікірлерді зерттеп, күдікті ештеңе байқамай, көрсетілген нөмірге хабарласқан.

Турдың құны 1 миллион 600 мың теңге болған, әйел оны бірден алаяққа аударған. Алайда қолма қол ақша алғаннан кейін тур ұйымдастырушы рейстің тоқтатылғанын, ұшаққа билеттер жоқ екенін және сапар күндері сәйкес келмейтінін айта бастаған. Отбасымен демалысқа шықпайтынын түсінген жәбірленуші ақшаны қайтаруды талап еткен. Алайда осыдан кейін ұйымдастырушы байланысқа шығуын тоқтатқан.

Полицейлердің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын осындай фактілерге қатысы бар 38 жастағы әйел болып шықты.

Ведомство өкілдері бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті алған қаражатты өз керегіне жұмсаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159832-astanada-tur-uiymdastyrushysyna-1-mln-600-myng-tengge-audargan-otbasy-san-sogyp-qaldy/