Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тұрғыны есірткі заттарын өткізіп, сақтағаны үшін 10 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен таққан ер адам
Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

Астана соты қала тұрғынын есірткі заттарын өткізгені және сақтағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бұл туралы Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сотталушы Астана қаласында орналасқан үйінің жанында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу мақсатында сатып алушымен кездесіп, шартты сатып алушыға салмағы 792,18 грамм, аса ірі мөлшердегі есірткі затын 370 000 теңгеге сатқан.

Сонымен қатар, өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын заңсыз сақтау мақсатында сотталушы тұрғылықты жері бойынша салмағы 0,46 грамм болатын есірткі — гашишті заңсыз сақтаған.

Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, бейнежазбалармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденген.

Прокурор 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Алқабилер оны кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен С. ҚК 297-бабы 3-бөлігінің 3) тармағында және 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159847-astana-turgyny-esirtki-zattaryn-otkizip-saqtagany-ushin-10-zhylga-sottaldy/