Алматы облысында өзеннен 4 жасар баланың денесі табылды
Жарияланған күні:
Алматы облысында 2020 жылы туған бала өзенге ағып кетті. Бүгін құтқарушылар бүлдіршіннің денесін тапты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ге қарасты республикалық жедел-құтқару жасағы Instagram-дағы ресми парақшасында Алматы облысында болған қайғылы оқиға туралы хабарлады.
Белгілі болғандай, Шамалған станциясы арқылы өтетін өзенде 2020 жылы туған ұл бала суға ағып кеткен.
"РЖҚЖ жедел тобы баланың денесін 3 сағаттық іздеуден кейін, болжамды ағу орнынан төрт шақырым төмен жерден тапты", - делінген ресми хабарламада.
Қайғылы жағдайдың басқа мәліметтері әзірге белгісіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159866-almaty-oblysynda-ozennen-4-zhasar-balanyng-denesi-tabyldy/