Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай мен тұман: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай, бұлтты күн
Найзағай. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

11 қыркүйекте Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

11 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. 11 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында таңертең және күндіз 15-20 м/с күтіледі.

11 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталықта екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қыркүйекте түнде және таңертен Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159880-naizagai-men-tuman-birqatar-ongirde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/