Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы "емшімен" кездесу шарасы: аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Ер адам арыз жазып отыр
Арыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданындағы мекемеге "емшіні" шақырған видеодан кейін арнайы тексеру жүргізілген. Аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды аудандық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Тереңөзек ауылында Жамбыл атындағы мектеп ұжымының қатысуымен болған іс-шара бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арнайы тексеру жүргізген.

"Оқиға орнына білім, ақпарат және қоғамдық даму басқармалары қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы да болды

"Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаев, Жамбыл атындағы мектеп директоры Э.Зәкімбаева өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды.

Рысқұлов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы мен Тереңөзек ауылдық округі әкіміне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды", - делінген Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігі жазбасында.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде білім ордасына "емшінің" келгені туралы видео тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2159959-zhambyl-oblysyndagy-emshimen-kezdesu-sharasy-audan-akimining-orynbasary-men-mektep-direktory-qyzmetinen-ketti/