Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мектепте түсірілген видеодан кейін мұғалім жұмыстан шығарылды

Жарияланған күні:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында оқушыға қол көтерді деп айыпталған тарих пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балалар Алматы облысы Іле ауданы Көктерек ауылындағы №21 мектептің тарих пәнінің мұғалімі мектеп оқушыларын ұрып-соғып жатқанын айтты", - делінген желіде тараған видеоның жазбасында.

Кадрда ақ жейде киген ер баланың ары қарап тұрғанын көруге болады. Мұғалім оқушыға дауыс көтеріп, оны жұлқылаған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекованың айтуынша, Іле ауданы Көктерек ауылындағы №21 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі жұмыстан босатылды.

"Оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде мұғалім қызметінен босатылды.

Жұмыстан шығаруға мұғалімнің педагогикалық этиканы бұзуы және 8-сынып оқушысына қатысты физикалық күш қолдану арқылы қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы негіз болды", - деп түсіндірді Жанна Арынбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160117-almaty-oblysynda-mektepte-tusirilgen-videodan-keiin-mugalim-zhumystan-shygaryldy/