Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда сарбаздарды құрылыс жұмыстарына тартқаны рас па: ҰҚК жауап берді

Жарияланған күні:

Шекарашылар
Шекарашылар. Видеодан кадр: t.me/letterskz

Әлеуметтік желіде Атырау облысында әскери қызметкерлерді құрылыс жұмыстарына тартып жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Қауесетке қатысты ҰҚК пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Видеодағы сарбаздарды Атырау облыстық прокуратура ғимаратын салуға алып келді", - делінген кадр астындағы жазбада.

ҰҚК аталған ақпаратты жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әскери қызметкерлер Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының бұйрығымен өңірлік прокуратураға Құрманғазы ауданында жаңадан салынған шекара бөлімшесінің қажеттіліктері үшін тауарлық-материалдық құндылықтарды алу мақсатында келген.

Бұл ретте әскери қызметшілерді шаруашылық жұмыстарына тарту Қарулы күштердің жалпы әскери жарғыларының талаптарына қайшы келмейді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160120-atyrauda-sarbazdardy-qurylys-zhumystaryna-tartqany-ras-pa-uqk-zhauap-berdi/