Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ұшақ көлік жүретін жолға қонған (видео)

Жарияланған күні:

Жол бойына қонған ұшақ
Жол бойына қонған ұшақ. Видеодан кадр: instagram.com/sinegor.kz

Ақмола облысының тұрғыны көз алдына ұшақ қонған сәтті видеоға түсіріп алды. Аталған жайтқа қатысты Азаматтық авиация комитеті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Куәгер түсірген кадрлар Instagram желісіндегі жергілікті sinegor парақшасында жарияланған. Видеода жол бойына тоқтаған кішкентай ұшақты байқауға болады.

Азаматтық авиация комитеті KAZ.NUR.KZ тілшісіне 10 қыркүйекте жалпы мақсаттағы авиацияның TL-2000 аса жеңіл әуе кемесінде ұшуды орындау кезінде жеке ұшқыштың қолданыстағы куәлігі бар әуесқой ұшқыш Степногорск маңындағы аз пайдаланылатын автомобиль жолының учаскесіне қонғанын хабарлады.

"Қазіргі ақпаратқа сәйкес, ұшақ ылғалды топырақ алаңына қону мүмкін болмаған соң автомобиль жолына тұрақтаған. Аз уақыттан кейін әуе кемесі өзінің негізі аэродромына оралды.

Сонымен қатар ұшқыштың іс-әрекеттерінде бұзушылық байқалды. Соған байланысты аталған жайтты мұқият тексерген соң "Қазақстан авиация әкімшілігі" АҚ мен Азаматтық авиация комитеті осы жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушысын заңнамада көзделген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Бұл жағдайда ешкім зардап шеккен жоқ", - деліген хабарламада.

Ескерту! Видеода балағат сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160138-aqmola-oblysynda-ushaq-kolik-zhuretin-zholga-qongan-video/