Елде бір топ адам пәтерлерді аралап, жеке куәлік тексеріп жүргені рас па: ІІМ мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бір топ адамдар жеке куәліктерді тексеру және биометриялық деректерді жинау үшін пәтерлерді аралап, өздерін ішкі істер органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратыны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мессенджердер мен әлеуметтік желі қолданушылары "Қауіпсіздік туралы ескерту" тақырыбымен хабарлама таратып жатыр. Ақпаратта өзін ішкі істер қызметкері деп таныстырып, пәтерлерді аралап жүрген бір топ адам бар екені жазылған.
Бұған қатысты пікір білдірген Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасында мәлімдеме жасады.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді қолдана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер", - деп хабарлады ІІМ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160213-elde-bir-top-adam-paterlerdi-aralap-zheke-kualik-tekserip-zhurgeni-ras-pa-iim-zhelidegi-zhauap-berdi/