Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды (видео)

Жарияланған күні:

Автобус жүргізушілерінің арасындағы төбелес
Автобус жүргізушілерінің арасындағы төбелес. Видеодан кадр: instagram.com/astana_brothers

Елордада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Куәгерлер түсірген видео Instagram желісіндегі Astana brothers парақшасында жарияланды. Кадрларда екі ер адамның жол үшін төбелес шығарғанын байқауға болады. Ал жолдан өтіп бара жатқан көліктер оларға сигнал берген.

Видеоға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Биыл 10 қыркүйекте Тұран даңғылында Mitsubishi Pajero мен Toyota Camry көлігінің жүргізушілері жол бөлісе алмай төбелес шығарған.

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қос жүргізуші де әкімшілік жауапқа тартылды. Материал сотқа жолданды", - деп хабарлады елорданың полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160282-astanada-zhol-bolise-almagan-kolik-zhurgizushileri-tobeles-shygardy-video/