Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жарияланған күні:
12 қыркүйекте ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12-13 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қаласында 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қаласында 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйек Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында 12 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қаласында 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қаласында: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
12 қыркүйекте Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-14 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қаласында 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 12 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қаласында: 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 қыркүйекте күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қаласында 12 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қаласында 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қаласында 12 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қаласында: 12 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 12 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160339-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasaldy/