Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 9 жастағы қыз тұрғын үйдің кіреберісін өртеп жібере жаздады (видео)

Жарияланған күні:

Өрт шығу сәті
Өртке оранған кіреберіс. Видеодан кадр: instagram.com/atyrau

Атырауда ойыннан өрт шықты. Көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіребересінде 9 жастағы қыз сіріңке жағып ойнаған. Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram-дағы Atyrau парақшасында оқиға орнынан видео жарияланды. Онда қыз кіреберісте өртке оранған велосипедтің қасында тұрғаны, кейін оқиға орнынан қашып кеткені таспаланған. Өрт өрши түседі де, куәгерлер оны сөндіруге тырысты.

Атырау облыстықполиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне 9 жастағы қыздың сіріңкемен ойнағанын хабарлады. Ал жағдай ушыққанда ол қорқып, қашып кеткен.

"7 қыркүйекте қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде велосипед өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, бейнекамераның көмегімен велосипедті өртеген 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала екені анықталды.

Қыз жанып тұрған сіріңкелерді велосипедке лақтырып ойнағанын айтты, бірақ өрт шыққан кезде қорқып, кіреберістен шығып кеткен. Ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылыққа қатысты құжаттар да жинақталады", - деп жауап береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160396-atyrauda-9-zhastagy-qyz-turgyn-uiding-kireberisin-ortep-zhibere-zhazdady-video/