Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада түнгі автобустарды алып тастау мәселесі көтерілді: тұрғындарға сауалнамаға қатысу ұсынылды

Жарияланған күні:

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада түнгі уақытта автобус қозғалысы тоқтатылуы мүмкін. Тасымалдаушы бұл бағыттарды күндізгі жұмыс режиміне ауыстырған дұрыс деп есептейді. Бұл жөнінде "CTS" ЖШС-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"City Transportation Systems" ЖШС Instagram-дағы парақшасында Астанада түнгі автобус қатынасы жақын арада тоқтатылатынын хабарлады.

"Оқу маусымының басталуымен жолаушылар санының артуына байланысты, сондай-ақ, қалалық бағдарларда түнгі автобустарды пайдалану тиімдірек болатынын ескере келе, түнгі маусымдық бағдарлар қозғалысын 14 қыркүйек сенбіден 15 қыркүйек жексенбіге қараған түні тоқтату шешімі қабылданды", - делінген хабарламада.

CTS ақпаратынша, № 201, 202 және 203 түнгі бағдарлары іске қосылған күннен бастап 21 116 жолаушы тасымалдады. Осы кезеңде бір қалалық бағдармен орташа есеппен 500 мыңға жуық жолаушы жүрді, бұл түнгі бағдарларға қарағанда әлдеқайда көп көрсеткіш.

ЖШС өкілдері 2025 жылы түнгі маршруттарды іске қосу қажеттілігі туралы сауалнама жүргізу ұйғарылғанын хабарлады, оны мына сілтеме арқылы толтыруға болады.

ЖШС бірнеше түнгі автобустарды іске қосатыны биылғы жаздың басында белгілі болды.

"Жазғы кезеңнің басталуымен қаланы бұдан да ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында №201, 202, 203 түнгі маршруттарды іске қосу жоспарлануда. Енді елорда тұрғындары мен қонақтары 00:00-ден 06:00-ге дейін түнгі уақытта қала ішінде оңай әрі жайлы жол жүре алады. Бағыттар негізгі көлік тораптарын қамтиды және қаланың негізгі аймақтарын байланыстырады, Маршруттар схемасы туралы толық ақпаратты іске қосу кезінде береміз" - деді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160508-astanada-tungi-avtobustardy-alyp-tastau-maselesi-koterildi-turgyndarga-saualnamaga-qatysu-usynyldy/