Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда сотталған әйел инспекторға пара беремін деп сан соғып қалды

Жарияланған күні:

Әмиян мен ақша
Әмиян мен ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысында сотталған әйел пробация инспекторына 10 мың теңге көлемінде пара бермек болғаны үшін 700 мың теңгеден астам айыппұл арқалады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды

Ведомствоның ақпараттық медиа порталының хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық іздестіру басқармасының пробация инспекторы мұндай әрекеттің заңсыздығын түсініп, пара беру әрекеті туралы дереу басшылыққа хабарлаған.

"Әйелді бақылау кезінде пробация қызметкеріне адалдық таныту үшін сотталушыдан ақшалай сыйақы алу туралы ұсыныс түскен.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап пробация қызметінде есепте тұрған әйел міндетті тіркеуге тұрмау үшін банктік өтініш арқылы қызметкерге 10 мың теңге аударған", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі.

Жиналған материалдар одан әрі қарау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасына жіберілді. Тексеру қорытындысы бойынша сотталған әйелдің әрекеті заңсыз деп танылды.

Оның үстінен заңсыз сыйақы ұсынғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, 738 400 теңге айыппұл салынды.

Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға не соларға теңестірілген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтер көрсетсе (егер бұл әрекеттерде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса) 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл арқалайды.

Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысында шенеуніктер 1,4 млрд теңге сомасында заңсыз келісімшарттар жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160577-manggystauda-sottalgan-aiel-inspektorga-para-beremin-dep-san-sogyp-qaldy/