Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы журналист Асхат Ниязовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Асхат Ниязов
Асхат Ниязов. Фото: Жеке мұрағатынан

Алматы полициясы "Обожаю" YouTube арнасының авторы, журналист Асхат Ниязовтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Асхат Ниязовтың сөзінше, Алматы әкімдігінің күзетшісі "ғимарат маңында күдікті адамдар жүр" деп рапорт жазған. Кейін полиция оны Бостандық ауданындағы бөлімшеге алып кеткен.

"Күдікті адамдардың мемлекеттік қорғауға алынған нысанды түсіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз. Жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін азаматтар Бостандық аудандық полиция Басқармасына шақырылды. Мән-жай анықталған соң олар босатылды", - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.

Журналист қала күніне байланысты арнайы шығарылым дайындап жатқанын айтты.

"Олардың мені екі көлікпен, 6-7 полиция боп іздегені қатты таңғалдырды. Маған хабарласып, келуімді сұраса да өзім барар едім. Мен тек әкімді іздеп жүргенім туралы түсініктеме бердім", - деді Ниязов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160601-zhurnalist-ashat-niiazov-ustaldy-politsiia-tusinikteme-berdi/