АҚШ пен Қытай азаматтарына қоңырау шалған: Алматыда алаяқтықпен айналысқан call-орталықтар анықталды
Жарияланған күні:
Алматыда ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан төрт Call-орталықтардың қызметін тоқтатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство ақпаратынша, аталған call-орталықтар арқылы Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалынған.
Осылайша, адамдар жалған инвестициялық мәмілелерге алданып қалған. Мұндай 2 мыңнан астам қоңырау жасалған.
Полиция мәліметінше, нәтижесінде 47 шетелдік, 5 Қазақстан азаматы ұсталды. Тінту барысында 1500-ден астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, 1000-нан астам SIM-карта тәркіленді.
Ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу шаралары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160607-aqsh-pen-qytai-azamattaryna-qongyrau-shalgan-almatyda-alaiaqtyqpen-ainalysqan-call-ortalyqtar-anyqtaldy/