Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамдық көлікте жарақаттанған Шымкент тұрғыны 13 миллион теңге өндіріп алды

Жарияланған күні:

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Былтыр желтоқсан айында маршруттық автобус жүргізушісі жолаушыларды түсіріп, отырғызған соң артқы есікті жаппастан жүріп кеткен. Жәбірленуші қоғамдық көлікте жарақат алғаны үшін 13 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Шымкенттегі Рысқұлов көшесінде өткен жылдың желтоқсан айында болған. Автобус жүргізушісі жолаушыларды түсірген соң артқы есікті жаппастан бірден жүріп кеткен. Жәбірленушінің құлаған кезде сол аяғы есікке ілініп қалып, көптеген сынықтармен жансақтау бөліміне жатқызылды. Алты айдан кейін оған екінші топтағы мүгедектік берілді.

Ер адам тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін сақтандырған компанияға сақтандыру жағдайының болғаны туралы арызбен хабарласқан.

Компания оған заң бойынша ең жоғары өтемақы – 13 миллион теңгеге жуық соманы төлеп берді.

Дәл осындай оқиға Қостанайда да болды. Қоғамдық көлікте зейнеткер зардап шекті.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, зиянды өтеу міндеті заңды тұлғаға немесе азаматқа жүктеледі. Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, ЖШС-ден жәбірленушінің пайдасына 700 мың теңге моральдық шығын өндірді", - дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз хатшысы Ләззат Байғожина.

"Кез келген құқық бұзушылық үшін материалдық зиянның, дәрі-дәрмектің, басқа нәрсенің орнын толтыруды талап етуге болады. Телефон сынды ма, киім жыртылды ма, мұның бәрі –өндіруге болатын материалдық зиян", - дейді заңгер Сергей Уткин.

Заңгерлердің айтуынша, сот кінәліден ірі көлемде өтемақы өндіріп алатын мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Көбінесе бұл жүз мың теңге көлеміндегі шағын төлем. Сонымен қатар қоғамдық көліктегі барлық жолаушы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисімен қорғалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160646-qogamdyq-kolikte-zharaqattangan-shymkent-turgyny-13-million-tengge-ondirip-aldy/