Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ашылғанына жеті жыл болған мектеп апатты деп танылды

Жарияланған күні:

Іле ауданындағы №40 мектеп
Іле ауданындағы №40 мектеп. Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы Іле ауданындағы №40 мектеп ашылғанына жеті жыл болғанына қарамастан, апатты жағдайда деп танылды. Облыс әкімдігі бұған жер сілкінісі себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жер сілкінісінен кейін ғимараттың қауіпсіздігіне күмән туындап, құрылыс сапасын тексеруге арнайы комиссия құрылған. Білім ордасының салынғанына 7 жыл болғанымен, оның сапасыз салынғаны анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін сот ісі басталмақ. Сол үшін құрылыс компаниясы тергеліп жатыр. Мектептің шамамен 3000 оқушысы Боралдай кентіндегі №17 және №54 мектептерге ауыстырылған. Олар үш ауысымда 8 автобуспен тасымалданады.

"Оқушылардың сабаққа уақытылы келуін қамтамасыз ету үшін арнайы тасымалдау кестесі жасалды. Сынып жетекшілері мен кезекші мұғалімдер күн сайын оқушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң қадағалайды", - деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160690-almaty-oblysynda-ashylganyna-zheti-zhyl-bolgan-mektep-apatty-dep-tanyldy/