Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты түпкілікті шешім шығарды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мұратхан Тоқмәди
Мұратхан Тоқмәди. фото: instagram.com/djamilyatokmadi

Қонаев қалалық соты банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп сотталған Мұратхан Тоқмәдиді шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сот отырысы бүгін, 12 қыркүйекте өтті. Тоқмәдидің өзі №57 түзету мекемесінде отырып, онлайн қатысқан.

Сотта Ержан Тәтішевтің ұлы да сөз сөйлеген. Ал Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Ол спортта да, бизнесте де елге пайдасын тигізетінін мәлімдеді.

Апелляциялық сатыдағы судья сотталған адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Судья бірінші сатыдағы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімнің күшін жойып, жәбірленушінің адвокатының жеке шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетсек, бұрынғы сот отырыстарында осы іс бойынша жәбірленуші, марқұмның ағасы Еркін Тәтішев адвокаттарымен бірге Тоқмәдидің босатылуына қарсы болды. Сотталушының өзі азапталғанын, бірнеше жыл бойы отбасымен сөйлесе алмағанын айтты. Қорғаушы тарап бірінші сатыдағы соттың бұрын шығарған шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімін өзгеріссіз қалдыруды сұраған болатын.

Еске салайық, 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындап, бұған Мұхтар Әблязов тапсырыс бергенін мәлімдеген болатын.

2018 жылғы наурызда Тоқмәдидің қашып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Ол 8 наурызда кешке қашып кеткен. Қашқын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біраз уақыттан кейін ҰҚК Мұратхан Тоқмәди өзінің қашуын "қателік" деп атаған видеосын жариялады.

2018 жылғы 16 наурызда Мұратхан Тоқмәди 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160720-sot-murathan-toqmadidi-shartty-turde-merziminen-buryn-bosatuga-qatysty-tupkilikti-sheshim-shygardy/