Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайында адамдардың мазасын алған екі такси жүргізушісі ұсталды

Жарияланған күні:

Такси жүргізушісі
Такси жүргізушісі. Көрнекі сурет: pexels.com

Астанада әуежайда адамдардың мазасын алып, тиіскен екі такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктегі полиция департаменті бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 2841 түлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 529-ы заңсыз такси жүргізушісі.

"Мәселен, 11 қыркүйекте Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері келуші жолаушылардың мазасын алып, жеке тасымалдау қызметін ұсынған 40 және 57 жастағы қала тұрғындарын анықтап, ұстады. Құқық бұзушылар қоғамдық орындарда тиіскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.", - делінген Көліктегі полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасында.

Көліктегі ПД өкілдері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын, осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салды.

Ал шетелдіктер үшін мұндай құқық бұзушылық үшін 5 АЕК айыппұл, қамауға алу немесе Қазақстан шегінен тысқары шығару көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160733-astana-auezhaiynda-adamdardyng-mazasyn-algan-eki-taksi-zhurgizushisi-ustaldy/