Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құтқарушыларды 40 минут бойы кіргізбеді": Қарағандыдағы зауытта болған төтенше жағдай бойынша сот шешім шығарды

Жарияланған күні:

Ферроқорытпа зауыты
Ферроқорытпа зауыты. Фото: YDD Corporation

Қарағандыда сот ферроқорытпа зауытындағы төтенше жағдай кезінде Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасау фактісі бойынша істі қарады. Бұл туралы облыстық соттарға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында Қарағанды қаласында орналасқан "YDD CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде орын алған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды.

"20 шілдеде "YDD CORPORATION" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ферроқортыпа зауытында пештен от лақтыру  орын алып, салдарынан сегіз адам зардап шеккені туралы хабалама түскені анықталды.

Оқиға орнына келген Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін "YDD CORPORATION" ЖШС-нің сенімді өкілдері кедергі келтіріп, ақпарат беруден бас тартып, ТЖД қызметкерлерін 40 минут зауыт аумағына кіргізбеген", - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша Қарағанды облысының ТЖД-мен «YDD CORPORATION» ЖШС-не қатысты ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігімен (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі жасау) фактісі бойынша әкімшілік іс қозғап,  сотқа жолданды.

Сотта "YDD CORPORATION" ЖШС-нің өкілі тағылған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, "YDD CORPORATION" ЖШС-нің кінәсі бары іс бойынша келтірілген дәлелдермен расталды.

Сотта "YDD CORPORATION" ЖШС ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы баптың санкция шегінде екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Еске салсақ, 20 шілде таңғы сағат 04:10-да Қарағандыдағы YDD Corporation ферроқорытпа зауытында апат болып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы ауруханаға жеткізілгенін жазған едік.

Зауыт өкілдері зардап шеккен жұмыскерлердің барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Кейін полиция өкілдері осы жайт бойынша Қылмыстық кодексінің 156-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Зардап шеккендер профессор Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Кейін 22 шілдеді Қарағандыда ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада қайтыс болды.

24 шілдеде зардап шеккен тағы бір жұмысшының денесін 90 пайыз күйік шалған 1999 жылы туған азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды.

25 шілдеде зауыттың 1981 және 1987 жылы туған тағы екі қызметкері есін жимай ауруханада көз жұмды. Төртеуі ауыр халде екені хабарланды.

Соынмен қатар Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен жұмысшылардың неліктен "ГАЗель" көлігімен тасымалданғанын түсіндірсе, облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та оқиғаның тергеу барысына тоқталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағандыдағы зауыттағы төтенше жағдайды тергеуді жеке бақылауына алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160774-qutqarushylardy-40-minut-boiy-kirgizbedi-qaragandydagy-zauytta-bolgan-totenshe-zhagdai-boiynsha-sot-sheshim-shygardy/