Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 жастағы қария саусағынан айырылған": Шымкентте бұралқы ит-мысықпен күрес жүргізіліп жатыр ма

Жарияланған күні:

Бұралқы ит
Бұралқы ит. Көрнекі фото: freepik.com

Жаңа оқу жылы басталысымен баласының қауіпсіздігіне алаңдаған жұрт көп. Биылдың өзінде мыңға жуық адам қаңғыбас төрт аяқтылардан зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның ресми сайтында хабарланғандай, Шымкентте ресми дерек бойынша ит саны 100 мыңға жетеді. Бұл иесі бары ғана. Ал қаңғыбас үй жануарлары есепке алынбайды, арнайы тіркелмейді. Соның салдарынан олардан зардап шегіп жатқандар көп.

"Қалалық №2 ауруханаға жыл басынан бері мыңға жуық адам қаңғыбас иттерден зардап шегіп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның жартысы оқушылар мен студенттер. Ең соңғы жағдайда 70 жастағы бір кісі саусағынан айырылған. Оны ондағы дәрігерлер де растап отыр", - дейді ЖСДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мақсат Жақсыбаев.

"Бұралқы иттерді аулауға бюджеттен 98 миллион теңге бөлінген. Дегенмен оларды ұстағанымызбен арнайы панажайға апарып, екпе салумен ғана шектеліп отырмыз", - дейді жауаптылар. Себебі, бүгінде кастрация және стерилизация жұмысы тоқтап тұр екен. 

Нақты есепте бар ит-мысыққа жоспарлы түрде вакцина салып, құтырма және түрлі жұқпалы аурудан қорғалады. Жалпы 18 мыңға жуық иесіз ит ұсталған. Ал оның екі мыңы ғана арнайы панажай мен еріктілердің қолына өтсе, қалғаны өкінішке қарай, өлтірілген.  

Қаланы бұралқы иттердің көбеюін сала мамандары зообелсенділермен де байланыстырып отыр, яғни аулау жұмысын көрген тұрғындар қарсылық танытатын көрінеді.     

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160787-70-zhastagy-qariia-sausagynan-aiyrylgan-shymkentte-buralqy-it-mysyqpen-kures-zhurgizilip-zhatyr-ma/