Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қала күнін тойлауға байланысты Алматыда тағы бір көше жабылады

Жарияланған күні:

Алматы қаласы
Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйі. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қала күнін тойлауға байланысты Алматыда тағы бір көше жабылады. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Алматыда 15 қыркүйек күні сағат 19:00-де Қала күніне және жаңа театр маусымының басталуына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық опера театры ашық аспан астында "Мұра" гала-концертін өткізеді.

Айта кетерлігі, осы іс-шараның өтуіне байланысты 15 қыркүйекте сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін Қабанбай батыр көшесі Абылай хан даңғылынан бастап Назарбаев даңғылына дейін жабылады", - делінген хабарда.

Карта
Карта: Алматы әкімдігі

Гала-концерт Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры алдындағы алаңда (Қабанбай батыр көшесі, 110) өтеді.

Оған Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Гүлзат Даурбаева, "Құрмет" орденінің иегері Зарина Алтынбаева, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Нұржан Бажекенов, Фархад Кубиев, Венера Алпысбаева және басқа да опера және балет жұлдыздары қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2160978-qala-kunin-toilauga-bailanysty-almatyda-tagy-bir-koshe-zhabylady/