Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының қалтасынан шықпайды": Шымкент зообағында дүниеге келген сұр кенгуру туралы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

кенгуру
Шымкент зообағындағы кенгуру. Видеодан скриншот: instagram.com/shymkentzoo

Шымкент қаласының зообағы тағы бір тұрғынмен толықты. Мұнда сұр кенгуру дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент зообағының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

2024 жыл ақпан айының соңында Баку және Мерси жұптарынан кішкентай сұр кенгуру дүниеге келді. Бірақ наурыз айында ғана анасының қалтасынан басын шығарып, көріне бастады. Себебі ол туыла салып, анасының қалтасына өрмелеп шығып, сонда жарты жыл бойы өмір сүреді.

"Кенгурудың жағдайы қалыпты, әзірге анасының қорғауында. Кішкентай кенгуру уақытының көп бөлігін аналық кенгурудың қалтасында өткізеді. Алайда жылу басталған кезде және көрермендер азайған уақытта сыртқа шыға бастайды. Бірақ аналық кенгурудың қасынан ұзаққа кетпейді", - делінген Шымкент зообағының хабарламасында.

Кішкентай кенгуру керіліп, қоршау аумағында айналып жүргенді ұнатады. Егер бейтаныс дыбыс ести қалса, бірден аналық кенгурудың қалтасына тығылады. Қазіргі уақытта кішкентай кенгурудың жағдайы жақсы. Күнделікті биологтар және ветеринарлық мамандардың бақылауында. Алдағы уақытта мамандар кішкентай кенгурудың жынысын анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161056-anasynyng-qaltasynan-shyqpaidy-shymkent-zoobagynda-duniege-kelgen-sur-kenguru-turaly-ne-bilemiz-video/