Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Колония бастығының көлігін жуған": ШҚО-да сотталған ер адамның видеосынан кейін тексеріс басталды

Жарияланған күні:

Сотталған ер адам көлікк жуып тұр
Көлік жуған ер адам. Видеодан кадр: telegram.org/egovpress

Желіде сотталған делінген ер адамның колония бастығының көлігін жуып жатқаны көрсетілген видео тарады. Бұл жайтқа ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланған. Онда ер адамның шүберек алып, Toyota көлігін сүртіп жатқаны көрсетілген. Айта кетерлігі, қасында шелекке құйылған су да, құбыршек те көрінбейді.

"Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, сырт аумақта сотталған адам Өскемен қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесі бастығының жеке көлігін жуып жатыр", - делінген видео астындағы жазбада.

Жағдайға ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті өкілдері түсінік берді.

"Видео қауіпсіздігі ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде түсірілген. Осы факт бойынша мекеме басшылығына қатысты қызметтік тергеу тағайындалды, соның қорытындысы бойынша осыған қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп түсіндірді Қылмыстық-атқару жүйесінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша ресми өкілі Салтанат Ожықанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161087-koloniia-bastygynyng-koligin-zhugan-shqo-da-sottalgan-er-adamnyng-videosynan-keiin-tekseris-bastaldy/