Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Медеуге баратын жолдың тағы бір бөлігі уақытша жабылады

Жарияланған күні:

"Медеу-Шымбұлақ" жолы
"Медеу-Шымбұлақ" жолы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Медеу жолының бір бөлігі (Керей-Жәнібек Хандары көшесі) жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше түнге жабылады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қыркүйектің 13-інен 14-іне қараған түні сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін "Экопост" аялдамасынан Бейсеуов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы шектеледі. Компания өкілдері жедел жәрдем және басқа да шұғыл қызметтер үшін кедергісіз жол қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Айта кету керек, 2 шақырымдық учаске – осы көшенің жөндеуге жоспарланған 6 шақырымының соңғысы.

Жөндеу орнында ескерту белгілері мен мердігер басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылған.

Еске салсақ, Алматы күнін тойлауға байланысты Алматыда Қабанбай батыр көшесі Абылай хан даңғылынан бастап Назарбаев даңғылына дейін жабылатынын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161126-almatyda-medeuge-baratyn-zholdyng-tagy-bir-boligi-uaqytsha-zhabylady/