Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы таныстырылады

Жарияланған күні:

Киелі Түркістан
Киелі Түркістан өңірі. Көрнекі сурет: basnews.kz

Дүйсенбі, 16 қыркүйекте Мәжілісте "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүйсенбі, 16 қыркүйекте Мәжілісте "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылатын болады. Сағат 11-00-де конференц-залда өтеді.

"Жаңа заң жобасын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков таныстырады. Жұмыс тобының жетекшісі – Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев", - делінген хабарламада.

Отырыс Мәжілістің сайтында және әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161188-zhaqynda-turkistan-qalasynyng-erekshe-martebesi-turaly-zang-zhobasy-tanystyrylady/