Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Электр қуаты төлемі өсті: "АлматыЭнергоСбыт" алматылықтардың шағымына жауап берді

Жарияланған күні:

Жарық есептеуіш құрал
Жарық есептеуіш: pixabay.com

Алматылықтар электр қуатын пайдалнағаны үшін төлем сомасының едәуір ұлғайғаына шағымдана бастады. "АлматыЭнергоСбыт" пен "АЖК" жағдайға түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

NUR.KZ оқырмандары өткен айда жарық ақысы әдеттегі үш мыңнан сегіз мың теңгеге өскенін айтып, редакцияға шағым түсірді.

Оған қоса, сома шамамен бес мың теңгеге, тіпті одан да көпке өскеніне желі қолданушылары да наразы болып отыр. Скриншоттар мен видеоларды Telegram-дағы Truestory арнасы жариялады.

NUR.KZ тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне хабарласып, Алматыда электр қуатын тұтыну артқанын анықтады.

"Шілде-тамыз айларында электр қуатын тұтынудың артуына негіз болған себептер: кондиционерлер мен желдеткіштерді барынша пайдалануға әкелетін қалыптан тыс жоғары температура; балалардың демалысы; күндізгі жарық қысқарады", - деді энергия жеткізушісі.

Бұл ретте "АЖК" АҚ 2024 жылғы 1 тамыз бен 31 желтоқсан аралығында электр қуатының қолданыстағы тарифі қосылған құн салығынсыз 11,4 теңге/кВт/сағ екенін айтты.

"Тариф 2024 жылғы шілдеде өзгертілді. Электрмен жабдықтау қызметтері бағасының өсуіне стратегиялық тауарлар (электр энегриясы) құнының өзгеруі, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруі әсер етті, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары; Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуі кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқаруға алу, оның негізгі себебі желілер мен күрделі жабдықтардың тозуы деңгейі болды", - деп хабарлады АЖК.

Компания Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша электр энергиясының түпкілікті тарифі энергия өндірушінің бағасынан; магистральдық желілер бойынша электр энергиясын беру бағасынан; "АЖК" АҚ желілері бойынша беру және бөлу бағасынан; және реттеу және диспетчерлеу жөніндегі қызметтердің бағасынан тұратынын қоса кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161212-elektr-quaty-tolemi-osti-almatyenergosbyt-almatylyqtardyng-shagymyna-zhauap-berdi/