Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда күз басталғанда сирень гүлдеді

Жарияланған күні:

Сирень гүлі
Сирень гүлі. Көрнекі фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында қыркүйектің ортасында сирень гүлдеді. Биология кафедрасының профессоры неліктен бұлай болғанын түсіндірді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым оқырмандары редакцияға қыркүйектің ортасында Серебрянскіде гүлдеген сиреньдің фотосуреттерін жіберген. Алғашқы фото әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін жазылушылар мұндай оқиғаның болуы бірінші рет емес екенін жаза бастады. Кейбір бағбандар шие, алма және басқа да ағаштардың гүлдегенін аңғарған.

"Бәріне жаһандық жылыну себеп болып отыр, биылғы күзде гүлдену ауа райының жылы және ылғалды болуымен байланысты", - дейді С. Аманжолов атындағы ШҚУ кафедрасының профессоры Константин Прокопов.

Мұндай жағдайлар шынымен де бірінші рет болып отырған жоқ. Мысалы, былтыр қараша айында Ақтауда сирень гүлдеп, қазан айында ақтөбеліктер гүлдеген бұтаны видеоға түсіріп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161249-shygys-qazaqstanda-kuz-bastalganda-siren-guldedi/