Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында зейнеткер қоқыс өртеймін деп автотұраққа 29 млн теңге шығын келтірген

Жарияланған күні:

Зейнеткер
Таяқ ұстаған қария. Көрнекі фото: Рixabay.com

Маңғыстау облысында өндірістік аймақ автотұрағының 29 млн теңге материалдық шығын келтірген бұрынғы дәнекерлеушісіне сот үкімі шықты. Бұл жөнінде сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысы соттарының Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Абайсызда от қойғаны үшін шектеу жазасы тағайындалды Мұнайлы аудандық сотында бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабымен айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралған.

Сот айыпталушының Мұнайлы ауданында орналасқан өндірістік аймақтың автотұрағында дәнекерлеуші болып жұмыс істегенін анықтаған.

Ол 2024 жылғы 12 маусымда, жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, автотұрақта орналасқан қоқыс жәшігіндегі қоқыстарды өртеген.

"Өрт салдарынан Lamber рефрижераторы, Mercedes-Benz Actros автокөлігі, Schmitz SKO 24mi рефрижераторы, Schmitz SKO 24L рефрижераторы, KC 45717a-1 краны және автокөлік бөлшектері орналасқан контейнер зақымдалған.

Жәбірленушілерге жалпы 29 млн материалдық шығын келген", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілер шығынды сотталушыдан өндіруді, ал жаза тағайындау мәселесін соттың құзырына қалдыруды сұраған.

Сотталушы мен оның қорғаушысы бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушыға жаза тағайындау кезінде кінәсін мойындап, өкінгенін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды, ал жауапкершілігін ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сотталушыға жаза тағайындау барысында оның зейнеткерлік жасын, бұрын сотты болмағанын, кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетінін, жасаған қылмыстық құқықбұзушылық абайсызда жасалғанын, онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын ескерген.

"Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық Кодекстің 204-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушілердің талап арыздары толық қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161311-manggystau-oblysynda-zeinetker-qoqys-orteimin-dep-avtoturaqqa-29-mln-tengge-shygyn-keltirgen/