Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Ресей азаматы қамауға алынды

Жарияланған күні:

Айыпталушы
Уақытша ұстау изоляторы. Көрнекі фото: Максим Золотухин

Ресей Федерациясының азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен қамауға алынды. Бұл туралы ШҚО сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы соттарының Facebook-тегі ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Қатонқарағай аудандық сотының тергеу судьясы Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) көзделген қылмысты жасады деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Іс материалдарынан Ресейдің Қазақстанмен мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен ресейлікті 26 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында шекара қызметкерлері ұстағаны мәлім болды.

"Шешім қабылдау кезінде сот В.-ның Ресей Федерациясының азаматы екенін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын туыстарының жоқ екенін ескерді.

Сондықтан сот жоғарыда аталған мән-жайлар күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін ерекше жағдай деп санады", - делінген сот хабарламасында.

Сот тергеушінің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатын қанағаттандырып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161365-qazaqstanda-resei-azamaty-qamauga-alyndy/