"Көлікке отырғызып, тапаншамен қорқытқан": Астанада мобилографқа шабуыл жасалды
Жарияланған күні:
Читать на русскомАстанада мобилографты белгісіз біреулер клиенттер атын жамылып тонап кеткен. 23 және 19 жастағы үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды елордалық полиция департаменті өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мобилографиямен айналысатын Астана тұрғыны белгісіз клиенттен бейнетүсірілім қызметіне тапсырыс алған.
"Кездесу кезінде клиенттер жас жігітті көлікке отырғызып, тапаншамен қорқытып, ұрып-соғып, кейін мобильді банкинг арқылы 500 мың теңге аударуға мәжбүрлеген.
Содан кейін олар жәбірленушіні банкоматтан 1 миллион теңге көлемінде онлайн-несие алуға мәжбүрлеген", - деп мәлімдеді департамент өкілдері.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қарақшылық шабуыл жасаған 23 және 19 жастағы үш күдіктіні ұсталды. Жас жігіттер кінәсін мойындаған.
"Тергеу барысында жігіттердің бірі жәбірленушіні танитыны және "оңай ақшаны" көздеп, қылмысты алдын ала жоспарлағаны анықталды. Тінту кезінде жәбірленушіні қорқыту үшін қолданған пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазіргі уақытта 23 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті өкілдері.
Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер қазір күдіктілердің елордада бұған дейін жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоға анықталып жатқанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161392-kolikke-otyrgyzyp-tapanshamen-qorqytqan-astanada-mobilografqa-shabuyl-zhasaldy/