Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйзеліске түскен": Павлодарда екі апта бұрын жоғалған жігіт табылмай жатыр

Жарияланған күні:

Күйзелістегі ер адам
Күйзелістегі ер адам. Көрнекі фото: Константин Шелков

Павлодарда екі апта бұрын жоғалған жігіт табылмай жатыр. Туыстары із-түзсіз кеткен Александр Фомин туралы ақпарат білетін жандардан көмек сұрайды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары ақпарат үшін жиі сыйақы ұсынады. Мұны VITA еріктілер ұйымы хабарлаған.

"Мұндай жағдайларда ұшты-күйлі жоғалған адамды, тіпті, әрбір бұрыштан көретін кездер тіркелген. Бәлкім, 26 жастағы Александр Фоминді жоғалатын күннің алдында көрген адамдар бар шығар. Іздеу шараларына көмегін тигізетін қандай да бір ақпарат болса, хабарласуды сұраймыз", - дейді еріктілер. 

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері, еріктілер, туыстары, достары 1 қыркүйекте жоғалып кеткен  жігітті іздеу шараларын күн сайын жалғастыруда. Ол соңғы рет Усолка шағын ауданында болған, жұмыстан кейін кешке дүкенге кірген. Ер адам соңғы кездері күйзеліске түскен. 

Оны көрген немесе қайда жүргені туралы қандай да бір маңызды ақпарат болса, еріктілердің Whatsapp нөмірлері бойынша хабарлауға болады: 

+7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана). Анонимділікке кепілдік беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161428-kuizeliske-tusken-pavlodarda-eki-apta-buryn-zhogalgan-zhigit-tabylmai-zhatyr/