Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімдігі Медеу шатқалындағы көлік қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Медеу
Медеу. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы әкімдігі Медеу шатқалындағы көлік қозғалысына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің ресми Telegram-дағы арнасында жарияланды.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Көліктердің үлкен ағынына байланысты Медеу шатқалында көлік қозғалысы қиын.

Жоғары көтерілу үшін қоғамдық көлікті пайдалануды сұраймыз. №12 маршрутта жүретін жоспарлы 16 автобусқа тағы 20 автобус іске қосылды", - делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындардан түсіністік танытуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161573-almaty-akimdigi-medeu-shatqalyndagy-kolik-qozgalysyna-qatysty-malimdeme-zhasady/