Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент зообағына Оңтүстік Африкадан қонақ келді (видео)

Жарияланған күні:

Гидеон Франсуа
Оңтүстік Африкадан келген қонақ Гидеон Франсуа. Видеодан скриншот: instagram.com/shymkentzoo

Шымкент зоосаябағына Оңтүстік Африка мемлекетінен жануарлар бойынша маман – Гидеон Франсуа келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент зообағының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

Шымкент зообағының ресми парақшасында хабарланғандай, Гидеон Франсуа 20 жылдан бері Африкада тіршілік ететін жануарлардың ерекшеліктерін зерттеп, оларды басқа мемлекеттерге тасымалдаумен айналысады.

Гидеон Франсуа зоосаябақты аралап, өзінің таңданысын жасыра алмады. Гидеон Франсуаға ең қызықты болған аумақ – Африка аумағы.

Маман зоосаябақтағы тіршілік етіп жатқан африкалық жануарлардың күтімі бойынша тәжірбиесімен, бірнеше пайдалы кеңесімен бөлісті.

Алдағы уақытта зоосаябақпен байланыста болатынын айтып, мекеменің жоспарларына сәттілік тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161591-shymkent-zoobagyna-ongtustik-afrikadan-qonaq-keldi-video/