Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Глубокое ауданында мемлекеттік тілді оқытатын 21 кабинет ашылды

Жарияланған күні:

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында 2024 жылғы 3 қыркүйектен бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б.Көшербаевтың 2024 жылғы 4 маусымдағы хаттамалық тапсырмасына сәйкес Глубокое ауданының кенттері мен ауылдық округтерінде мемлекеттік тілді оқытатын 21 кабинет ашылды.

Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, тұрғындардың мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасау болып табылады.

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Қазіргі әлемде тілдерді үйрену үрдісі жыл сайын артып келеді. Түрлі тіл орталықтары, мектептер ашылуда. Бірақ республикамыздың әрбір азаматының бұл курстарды төлеуге мүмкіндігі жоқ, өйткені мұндай оқытуды көбінесе жеке тұлғалар жүргізеді және көп адамдардың қалтасы көтере бермесі анық.

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Мемлекетіміздің саясаты мен облыс әкімі Е.Б. Көшербаевтың, аудан әкімінің қолдауының арқасында тұрғындар мемлекеттік тілді толығымен тегін үйренуге, кезінде мемлекеттік тілді оқуға мүмкіндігі болмаған халық үшін қазақ тілін үйренуге мүмкіндік алды.

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

"Мен мұндай шешімді орынды деп санаймын, өйткені бірнеше тілді білу адамға және оның дамуына жағымды әсер етеді. Ал біздің көпұлтты мемлекетімізде бұл да халықтар арасындағы қарым-қатынастағы шекараны кеңейтудің жолы. Енді барлық ниет білдірушілердің арнайы құрылған кабинетте мемлекеттік тілді тегін меңгеру мүмкіндігі бар", - деді "Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ басшысы Мейрамғали Дәрменқұлов.

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Кабинеттер мәдениет үйлері мен ауылдық кітапханаларда ашылды, сабақ кестеге сәйкес, аптасына екі рет, келушілердің келісімі бойынша өткізіледі. Ең алдымен, тіл үйренушілердің ауызекі сөйлеуіне баса назар аударылды.

Қазақ тілін оқыту кабинеттерін ашу
Фото: Глубокое ауданының әкімдігі

Жаңа кабинет ыңғайлы оқыту үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған: оқу материалдары, заманауи техникалық құралдар. Тәжірибелі оқытушылар қазақ тілін оңай әрі тиімді меңгеруге атсалысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161746-glubokoe-audanynda-memlekettik-tildi-oqytatyn-21-kabinet-ashyldy/