Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржылық мониторинг агенттігі қазақстандыққа іздеу жариялады

Жарияланған күні:

Руслан Омаров
Руслан Омаров: t.me/afm_rk

Қаржылық мониторинг агенттігі Омаров Руслан Уланұлына іздеу жариялады. Бұл туралы ҚМА Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Руслан Омаров 1986 жылы 28 шілдеде Ақтөбе облысы Алға қаласында туған.

"Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген. 2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Sunkar Logistics ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген. Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады", - делінген хабарда.

Ведомство іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

  • +7-701-770-08-65;
  • +7-7292-40-36-59;
  • 1458 – Call-center.

Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2161789-qarzhylyq-monitoring-agenttigi-qazaqstandyqqa-izdeu-zhariialady/